Ескі көліктерді заңсыз тіркеу: мемлекетке 14 млрд теңгеден астам шығын келген

Қазақстанға ондаған ескі жүк көліктері мен автобустар жалған құжаттар бойынша жеткізілген

Жосықсыз азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырған. Бұл туралы Sarbaz.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шығарылған жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады.

Көліктердің көпшілігі әлі де дизельмен жұмыс істейді және соның салдарынан ауаның ластану деңгейі артып келеді. Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады.

«Кейбір жосықсыз азаматтар елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады. Тек анықталған фактілер бойынша 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген.

Мамандандырылған ХҚО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде. Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды.

Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған. Кейбір жағдайларда тіркеу (2016 жылдан бұрын)

Egov порталы арқылы онлайн режимінде, жалған құжаттарды пайдалана отырып, ресми дилерден сатып алынған және жаңа КҚ ретінде алымдарды төлеу арқылы жүргізілген. Халықаралық автомобиль тасымалдаушысының куәлігі берілген фактілер болған, ол болған жағдайда бастапқы есепке қою алымды төлемей жүргізіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Кейбір жағдайларда тіркеу контрабандалық жолмен әкелінген көлік құралдарына құжаттардың барлық пакетін қолдан жасаумен жүзеге асырылды.

ҚМА жүргізген талдау көлік құралдарын алғашқы тіркеуді Арнайы ХҚКО қызметкерлері интеграцияланған ақпараттық жүйеге авто санаты туралы дәйексіз деректерді «қолдан» енгізу арқылы жасалғанын көрсетті.

Автокөлік құралдарын бүкіл ел аумағында одан әрі заңсыз алаяқтық схемалар арқылы тіркеуді болдырмау мақсатында Агенттік ақпараттық жүйелерді айналып өтіп, деректерді «қолдан» енгізу мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп, Мемлекеттік корпорация қызметінің Қағидаларына заңнамалық деңгейде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39