Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды

Ол бүгінге дейін Абай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Төленбергенов Серік Төлеуғалиұлы Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1974 жылы Семей облысында дүниеге келген. Кәсіптік-техникалық училищені, Р.Байсейітова атындағы Семей қаржы-экономикалық техникумын, Қазақстан-Америка университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы бастаған.

1997-1998 жылдары ҚР Қаржыминінің Семей облысы және Өскемен қаласы бойынша басқармасының бақылаушы-ревизоры болып жұмыс істеді. 2000 жылдан 2009 жылға дейін – жеке құрылымдарда жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бас маманы, бөлім бастығы. 2010-2011 жылдары - Риддер қаласы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы. 2012-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі болған. 2013-2014 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы. 2016-2019 жылдары - басқарма басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2019-2020 жылдары – «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасының кеңесшісі. 2021-2022 жылдары жеке құрылымда жұмыс істеді. 2022-2023 жылдары – коммуналдық кәсіпорынның директоры, Семей қаласы мәслихатының депутаты. 2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы наурызға дейін – Абай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14