«Ауғанстан қалалары озық болды»: соғыс кезіндегі әскери госпиталь медбикесі таңданысын жасырмады

«Дүкендерінен бізде жоқ тауардың түр-түрін көрдік»

Нұрдәулет Кәкіш

1984-1986 жылдары Ауғанстанның Пули-Хумри қаласы маңындағы КСРО-ның әскери госпиталінде медбике болып қызмет еткен Бақыт Қалиева сол кезде Ауғанстанның қалалары озық болғанын айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Госпитальдан сыртқа шығуға рұқсат болмады. Дегенмен екі жарым жыл ішінде бірер мәрте қалаға шыққан кездеріміз болды. Қаладағы дүкендерге бізге, госпитальға келген әскери көліктермен, күзетпен апаратын. Бірінші жауынгерлер ғимаратқа кіріп, тексеріп шығатын. Егер бәрі тыныш болса, кіретінбіз. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, тез-тез көлікке отырып, жүріп кететінбіз. Сонда бір байқағаным, Ауғанстанның қалалары бай, өзгеше болды. Дүкендерінен де нешетүрлі бізде жоқ тауардың түр-түрін көрдім. Мен өзім шағын ғана Целиноград қаласында туып-өскен соң ба, ондағы қалалар басқаша көрінді. Безендірілуі бәрі бөлек болды. Сол кездерде Ауғанстанның қалалары озық болған сияқты. Бірақ кейіннен соғыстан көз ашпай, тоқырауға ұшыраған шығар», - деді Бақыт Қалиева Sarbaz.kz тілшісіне берген сұхбатында

Сұхбаттың толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыз.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Кеше, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33