SIPRI: Ресей қару-жарақ экспорты бойынша Францияға жол берді

Францияның қару-жарақ экспорты 47%-ға өсті

Ресей қару-жарақ экспорты бойынша Францияға жол беріп, алғаш рет үшінші орынға түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) баяндамасында Ресей әлемдегі ең ірі қару-жарақ экспорттаушы елдер арасында үшінші орынға түскені, ал Франция екінші орынға көтерілгені, АҚШ бірінші орнын сақтап қалғаны айтылған.

Зерттеуге сәйкес, 2019-2023 жылдары Ресейдің қару-жарақ экспорты 2014-2018 жылдармен салыстырғанда 53%-ға азайды. Яғни, ресейлік қарудың экспорты екі еседен аса төмендеді.

Мәселен, Ресей 2019 жылы 31 елге қару экспорттаса, 2023 жылы – небәрі 12 мемлекет, деп жазады SIPRI.

«Ресей ірі қару экспорттаушы рейтингінде Францияға жол беріп, алғаш рет үшінші орынға түсті. АҚШ пен Францияның қару-жарақ экспорты артып келеді, ал Ресейде күрт төмендеді», - деп жазады аталмыш институт.

АҚШ қару-жарағын 107 мемлекетке жеткізеді, америкалық экспорт 17%-ға өсті (2019-2023 жылдарды 2014-2018 аралығымен салыстыру).

АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттері 2019-2023 жылдары қару-жарақ экспортының 72%-ын құрады. Бұл 2014-2018 жылдардан 62% жоғары және АҚШ алдыңғы бес жылдық кезеңге қарағанда көбірек қару-жарақ жеткізген.

«АҚШ қару-жарақ жеткізушісі ретіндегі жаһандық рөлін – сыртқы саясатының маңызды аспектісін бұрынғыдан да көп елдерге қару экспорттау арқылы күшейтті», – деді SIPRI қару-жарақ бағдарламасының директоры Мэттью Джордж.

Францияның қару-жарақ экспорты 47%-ға өсті әрі рейтингте алғаш рет екінші орынға көтерілді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Кеше, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33