Италия Газадағы науқас балаларды емдеу үшін арнайы ұшақпен алып кетті

Науқас балалар Италияның ең жақсы педиатриялық ауруханаларында емделеді

Газаның медициналық көмекке мұқтаж балалары Каир арқылы Римге Италия әскери-әуе күштерінің бортымен жеткізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Газа секторынан медициналық көмекке мұқтаж балалар мен ересектер үшін арнайы рейстер ұйымдастырылды. Оның бортында 45 палестиналық бар: 14 бала, 8 ересек және 23 көмек көрсетуші.

Науқас балалар Италияның ең жақсы педиатриялық ауруханаларында емделеді. Олардың ең кішісі – Айсель небәрі 4 айда.

Бұл – Италияның палестиналық балалар үшін ұйымдастырған үшінші әуе операциясы. Бастама қаңтар айының соңында қолға алынған. Газаға гуманитарлық көмекті әуе арқылы жеткізуді қарастыратын Италия елі теңіз дәлізін де жандандырмақ ниетте және рұқсат етілгеннен кейін Италия армиясының далалық ауруханасын жіберуге дайын.

Кипр портында Газа секторына көмек жеткізу үшін теңіз дәлізіне арналған кеме дайын тұр. Қақтығысқа қарамастан, дәлізді ашуға күш салынып жатыр. Бірақ испаниялық Open Arms гуманитарлық тобының кемесі әлі де Ларнак аймағында тоқтап тұрғанын айта кеткен жөн. Оның бортында 200 тонна азық-түлік бар.

Теңіз дәлізінің ашылуын ЕО, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және басқа елдер мен ұйымдар қарастырып жатыр. Рамазан айында атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізілген. Бірақ жағдай ушығып кетті.

Египет – гуманитарлық дағдарыс жағдайында Газа секторына көмек көрсететін бірнеше елдің бірі.

БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігі Газаның солтүстігіндегі жағдайды «қайғылы» деп мәлімдеді. 8 наурыз күні әл-Шати жағалауындағы босқындар лагерінің жанында оқыс апаттан 5 адам қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды.

«Газа секторына гуманитарлық қолжетімділік және атысты тоқтату өте маңызды», - деді БҰҰ агенттігі.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39