БҰҰ: Әлем парламенттерінде әйелдердің үлесі баяу қарқынмен артып келеді

2023 жылы Қазақстан Парламенті Мәжілісінде депутат әйелдердің саны 8,7%-ға азайды

БҰҰ-ның Парламентаралық Одағының есебінде әлем парламенттеріндегі әйелдердің үлесі 26,9%-ға жетті. Бір жыл ішінде көрсеткіш 0,4%-ға өсті, бұл 2022 жылғы өсу қарқынына сәйкес келеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

БҰҰ есебі 2023 жылғы 52 елдегі парламенттік сайлау мен тағайындаулардың нәтижелерін қамтитын жаңартылған деректерге негізделген. Бүкіл әлем бойынша жаңадан сайланған депутаттардың 27,6% – әйелдер қауымы. Бұл алдыңғы сауалнамаларға қарағанда 1,4 пайызға көп.

Бұл ретте, 2023 жылы Қазақстан Парламенті Мәжілісінде депутат әйелдердің саны 8,7%-ға азайды. Түрікменстандағы парламенттік сайлау нәтижелері бойынша бұл көрсеткіш 0,8%-ға өсті.

Эстонияда Кая Каллас премьер-министр болып қайта сайланды, ал Эвика Силиня алғаш рет Латвияның премьер-министрі болып сайланды. Нәтижесінде Балтық жағалауындағы барлық үш ел – Эстония, Латвия және Литва мемлекеттерінің премьер-министрі әйел адам болды.

2023 жылы бірнеше танымал әйелдер қауіп-қатерден үрейленіп, саясаттан кетті. Олардың арасында Жаңа Зеландияның бұрынғы премьер-министрі Джасинда Арден бар, ол 2023 жылдың қаңтарында отставкаға кететінін мәлімдеген. Финляндияның бұрынғы премьер-министрі Санна Марин былтыр сәуірдегі сайлауда биліктен кетті, сонымен бірге депутат қызметінен әрі саясаттан түбегейлі кету туралы шешім қабылдады. Нидерландта да бірнеше әйел депутат отставкаға кетті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02