Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік: Президент ІІМ басшысына нақты тапсырмалар берді

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Бұл туралы Sarbaz.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берілді.

«Ержан Сәденов ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады. Соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген. Атап айтқанда, ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған.

Мемлекет басшысына құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған бірыңғай заң әзірлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөнінде арнайы бөлімше құру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.

Бұдан бөлек, Президентке ұйымдасқан қылмысқа, есірткі қылмысына, экстремизмге қарсы іс-қимыл жұмыстарының нәтижесі таныстырылды. Министр киберқылмысқа қарсы күрес жүргізетін дербес қызмет құрылатынын жеткізді», - делінген хабарламада.

Ақорда мәліметінше, Ержан Сәденов орта буынға жататын басшылық құрамды кезектен тыс аттестаттациядан өткізуге дайындық барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

Кеше, 10:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31