Түркия палестиналықтарға қатысты Израильге ескерту жасады

Ол Палестина мемлекетін құру мәселесін қозғады

Израиль билігі палестиналықтардың Иерусалимдегі қасиетті жерлерге баруына тыйым салар болса, бұл ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкарада Палестина басшысы Махмуд Аббаспен кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT World телеарнасына сілтеме жасап.

Ердоған қасиетті Рамазан айы қарсаңында арандатушылықтың алдын алу үшін жұмыс істеу керек екенін айтты.

«Израиль саясаткерлерінің палестиналықтардың қасиетті жерлерге кіруіне шектеулер қою туралы өтініші – ақымақтық. Мұндай әрекеттердің салдары өте ауыр болады. Палестинаға қатысты ислам әлемінің үнсіздігіне жол берілмейді», - деді Түркия президенті.

Ердоған тағы да Израиль билігі Батыс елдерінің қолдауымен Газада әскери қылмыстар жасап жатқанын атап өтті, оны Түркия басшысы «геноцид» деп атады. Оның айтуынша, Израиль әскери күштері «әйелдер мен балаларды өлтіруді» тоқтатар емес.

Түркия басшысы бұл мәселені 1967 жылғы шекарада тәуелсіз Палестина мемлекетін құру арқылы шешуге болатынын атап өтті. Осыған байланысты Түркия Анкара ұсынған кепілдіктер аясында жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын.

Өз кезегінде Палестина басшысы Махмуд Аббас Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Түркияға шын жүректен ризашылығын білдіріп, Палестинаны халықаралық қорғауды күшейтуге көңіл бөлу мәселесін қозғады.

Түркия мен Палестина басшыларының соңғы кездесуі өткен жылдың шілде айында өткен.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02