Қазақстан Палестина мемлекетін құру ұстанымын өзгертпейді

Қазақстан ИЫҰ СІМК төтенше сессиясына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Палестинадағы жағдайға арналған Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысты. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сессия жұмысына ИЫҰ елдерінің, оның ішінде Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Иордания, Иран, Түркия, Марокко сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты.

СІМК барысында ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер Газа секторында атысты дереу тоқтатуға шақырды және Палестина-Израиль дағдарысын тезірек шешу қажеттігін алға тартты.

М.Нұртілеу өз сөзінде Газа секторындағы ұзаққа созылған гуманитарлық апатқа байланысты ерекше алаңдаушылық білдірді, одан шығудың бірден-бір жолы әскери қимылдарды жақын арада тоқтату болуы мүмкін. Бұл тұрғыда ол сондай-ақ Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсетуге Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы және «KazAID» агенттігінің мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды. Қазақстан өңірдің барлық тұрғындары үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін күш-жігерді күшейтуге шақырды, бұл алдағы қасиетті Рамазан айы қарсаңында ерекше маңызды болып көрінеді.

«Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қатар мен Мысыр басшылығының ХАМАС пен Израиль арасындағы атысты тоқтату және кепілге алынғандармен алмасу туралы келіссөздер жүргізу жөніндегі көпжақты делдалдық күш-жігерді құптады. Ол сондай-ақ Мысырдың репатриация жасау үшін қазақстандық азаматтар мен олардың отбасы мүшелерін Газадан эвакуациялаудағы рөлін жоғары бағалады.

Министр М.Нұртілеу көп жылғы қақтығыстың жалғыз шешімі ретінде БҰҰ бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде 1967 жылғы шекараларда Палестина мемлекетін құру бойынша Қазақстанның өзгермейтін ұстанымын растады.

Іс-шара мұсылман елдерінің Палестина халқымен үндестігін және қақтығысты тезірек тоқтату үшін белсенді әрекет етуге ұмтылысын көрсетті.

ИЫҰ СІМК қорытындысы бойынша тиісті қарар қабылданды», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30