Алимент бойынша қарызын өтемеген ер адам сотталды

Оның 3 миллион теңгеден астам сомада қарызы болған

Қарағанды прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қарағанды облысында 27 925 кәмелетке толмаған балаға алимент өндіріп алу бойынша 20 мыңнан астам құжат орындалып жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, өткен жылдан бері қасақана алимент төлемегендер прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық жауапкершілікке тартылуда және бұл шара борышкерлерге қатысты оң әсерін тигізуде.

Әдетте, қылмыстық істі тергеу сатысында борышкерлер алимент бойынша берешекті толығымен өтеп, іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады.

«2023 жылдан бері 102 қылмыстық істің 60-ы тараптардың татуласуы мен қарыздың өтелуіне байланысты тоқтатылды. 36 қасақана борышкерлерге қатысты айыптау үкімдері шығарылды.

Мысалы, кәмелетке толмаған бала – Ш-ның әкесі ұлын асырауға қаражат төлеу міндетін атқармаған және оның 3 миллион теңгеден астам сомада қарызы болған. Шахтинск қаласы прокуратурасының актісі негізінде полиция Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сот үкімімен борышкер пробациялық бақылау белгілеумен және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеуге сотталды. Енді борышкер әке қарызды өтеумен қатар 100 сағат жұмыс істеуі керек», - делінген хабарламада.

Жалпы, бүгінгі таңда прокурорлық ден қою шараларымен 4 миллион теңгеден астам сома құрайтын алимент қарыздары өтелді.

Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Бүгін, 15:19
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Бүгін, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

Кеше, 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11