Қарағандыда жүздеген адамның құқығы қорғалмай келген – прокуратура

Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге қосымша ақы төленетін еңбек демалысы берілмеген

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы аудандағы денсаулық сақтау ұйымының қызметіне тексеру жүргізді. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Конституцияға сәйкес, әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін ешқандай кемсітусіз сыйақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (24-бап).

«Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларына әсер ететін өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу фактілері анықталды.

Еңбек кодексінде бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары берілетіні көзделген (89-бап). Алайда мүмкіндігі шектеулі қызметкерлерге қосымша ақы төленетін еңбек демалысы берілмеген. Оның үстіне түнгі жұмысқа тарту кезінде олардың еңбек құқықтары бұзылған.

Сондай-ақ, үстеме жұмыс үшін төлем бұзушылықтармен жүргізілгені және қызметкердің күнделікті мөлшерлемесі негізінде бір жарым есе есептелмегені анықталды», - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, 200-ден астам қызметкерге 29 миллион теңгеден астам соммаға үстеме жұмыс ақысы төленді. 2 149 медицина қызметкерінің құқығы қалпына келтірілді, 12 адам тәртіптік, 27 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 168 850 теңге айыппұл салынды.

__Последние новости

  • Тарих және тұлға

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

Кеше, 22:52
Админ
  • Басты назарда

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

Кеше, 22:25
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36