Бес жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ол бұрын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған

Абай облысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың 5 жыл бойы іздеуде жүрген мүшесін ұстады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктелген ер адам құрықталды.

Ол бұрын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған. 2019 жылы Алматы қаласының 40 жастағы тұрғыны атыс қаруынан атып өлтірілді.

Сол кезде қылмыстық топтың тек бір мүшесі сот төрелігінен қашып кеткен.

Ер адам 5 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрді.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оны Үржар ауданында ұстады. Сонымен қатар ер адамнан патрондары бар ТТ тапаншасы тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19