Есірткіні сақтау ережесін бұзған: ондаған медицина қызметкері жауапқа тартылды

43 кг есірткі және психотроптық заттар тәркіленді

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Операцияны өткізу кезінде өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымдар тексерілді.

Есірткі және улы заттармен жұмыс жасау саласында 22 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. 230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 43 кг есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам дәрі және медициналық препараттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді.

Лицензиялау нормалары бұзылған және техникалық нығайту талаптарына сай келмейтін сақтау объектілеріндегі 3 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.

«Тексеру барысында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінде улы заттармен жұмыс істеу ережелері бұзылғаны анықталды. Ол жерден 45 кг сынап табылып, тәркіленді. Сонымен қатар елордадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, 350 ампула морфин тәркіленді. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

__Последние новости

  • Тарих және тұлға

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

Кеше, 22:52
Админ
  • Басты назарда

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

Кеше, 22:25
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36