Биыл көктемде әскерге қанша адам шақырылады?

Әскери қызмет уақытында несиелік «демалыс» алуға болады

Көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қарулы Күштер мен басқа да әскери құрылымдар қатарына 20 мыңнан астам адам шақырылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оған 18-27 жас аралығындағы әскерден қалуға себеп жоқ ер адамдар шақырылады.

Көктемгі шақыру 1 наурыздан 30 маусымға дейін өтеді: Қарулы Күштерге – 9 мыңнан астам адам; Ұлттық ұланға – 6 мыңнан астам адам; Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 3 мыңға жуық адам; Төтенше жағдайлар министрлігіне – 300-ден астам адам; Мемлекеттік күзет қызметіне – 300-ге жуық адам.

Әскери қызметшілер қызмет өткерген уақытына несиелік «демалыс» ала алады. Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам әскери қызметкердің 2 миллиард теңгеден астам несиесі кейінге қалдырылды.

Әскери борышын өтеген жас қазақстандық ЖОО-ға ҰБТ-сыз ақылы негізде түсе алады, қызметте ерекше көзге түскен талапкерлер мемлекеттік грантқа, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құжат тапсыра алады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02