Пәкістанда әскерлер арасында өткен жарыста Қазақстан «алтын» олжалады

Халықаралық жарыс 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері «Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарысында елге жеңіспен оралды. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыс Пәкістанның астанасы Исламабад маңындағы ежелгі Равалпинди қаласында өтті. Әскери-спорттық турнирдің кезеңдеріне «қарсыластың нысандарын анықтау», «тосқауылдағы іс-қимыл», «артиллерия атысын реттеу», «жедел медициналық көмек көрсету және жаралыларды эвакуациялау», «учаскені минадан тазарту», «түнде су бөгеттерін еңсеру» және Калашников автоматынан ату кірді. Жарыстың күрделілігі тапсырмалар шартты қарсылас басып алған таулы жерлерде орындалуында болды.

Мықты дене шынықтыру жаттығулары, іс-қимыл үйлесімділігі, шыдамдылық пен командалық рух – біздің жауынгерлеріміздің сәтті өнер көрсетуінің кепілі болды.

– Біздің психологиялық дайындығымыз бен қаншалықты шымыр екенімізді ұрысқа барынша жақындатылған жағдайда күрделі, әрі бейтаныс жерде сынап көруге тамаша мүмкіндік туды. Ең бастысы – жақсы тәжірибе алдық, – деп қорытындылады команданың жетекшісі подполковник Ербол Серғазин

 «Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарысы 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биыл қазақстандық әскери қызметшілер үшінші рет қатысып отыр. 2021 жылы әскери бақылаушылар ретінде барса, 2023 жылдан бастап толыққанды қатысушылар болып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жарыстарға Бахрейн, Йордания, Ирак, Қазақстан, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Мальдив, Марокко, Пәкістан, АҚШ, Тайланд, Түркия, Өзбекстан және Шри-Ланка әскери қызметшілері қатысты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Кеше, 21:20
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31