Жолды су шайып кеткені үшін экс-шенеунік 22 млн теңге айыппұл төледі

Сот оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындады

Жетісу облысының прокурорлары қираған жолды қалпына келтіріп, лауазымды тұлғаны жазалады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, сот үкімімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

«2023 жылы еріген судың шайып кетуінен қираған Кербұлақ ауданы Малайсары бекетіне апаратын жол қоғамдық наразылық тудырған. Прокурорлық тексеру барысында аталған аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрескел заңбұзушылықтар анықталды», - делінген ведомство хабарламасында.

Осыдан кейін арнайы прокурорлар Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Тергеу жұмыстары ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты көрсетіп, жобалық-сметалық құжаттама жасалмағанын және сараптама жүргізілмегенін анықтады. Соның салдарынан су бұрудың сыйымдылық қуаттылығы есептелмеген, жұмыс сапасы қамтамасыз етілмей, жолдың бұзылуына әкеп соққан. Мемлекетке келтірілген шығын 22 миллион теңгеден астамды құрады», - делінген хабарламада.

Өз кінәсін мойындағаннан кейін, сотталушының жасын және келтірілген зиянды толық өтелгенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02