Еуропа елдерінен пана сұрағандар саны 1 млн-нан асты

Түркияның 100 мыңнан астам тұрғыны пана сұраған

ЕО, Норвегия және Швейцария елдерінен пана сұраған өтініштердің саны 2016 жылдан бері алғаш рет 1 миллионнан асты. Ниет білдіргендердің басым бөлігі – Сирия мен Ауғанстан елдерінің тұрғындары. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы Еуропа Одағы бойынша, сондай-ақ Швейцария мен Норвегия елдерінен пана сұрау үшін 1,14 миллион өтініш берілді. Бұл соғыс жүріп жатқан Сириядан Еуропаға босқындар ағылған 2016 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш болып саналады, соңғы жеті жылда олардың саны алғаш рет 1 миллионнан асып түсті. Мұндай мәліметтерді Еуропа Одағының баспана жөніндегі агенттігі (EUAA) жариялады.

Өткен жылдардағыдай, Сирия азаматтары ең көп өтініш берген – 181 мың. Бұл алдыңғы жылдан 38 пайызға артық. Ауғанстандық босқындар екінші орында тұр – 114 мың өтініш. 2023 жылдың аяғынан бері пана сұраған палестиналықтар саны да артты.

Бір қызығы, бұл тізімде Түркия азаматтары бар. Пана сұраған өтініштерінің саны да аз емес: 101 мың, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 82 пайызға көп. Ал алдыңғы жылмен салыстырғанда баспана сұрағандардың жалпы саны 18 пайызға өсті.

Абсолютті сандар бойынша өтініштердің ең көп саны Германияға (334 000), Францияға (167 000), Испанияға (162 000), Италияға (136 000) жіберілген. Осы төрт ел барлық өтініштің үштен ексінен астамын құрайды.

Пана сұрағандарды қабылдаушы елдердің арасында Кипр бірінші орында тұр: 12 000 өтініш. Бұл Германиядан үш есе көп.

Бұл тізімге ЕО баспана агенттігінің статистикасы Украинадағы соғысқа байланысты уақытша бассауғалаған 4,4 млн адамды енгізген жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

Кеше, 16:23
Админ
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

Кеше, 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19