Несиелерді өтеуге көмек: алаяқтық әрекеттерге қатысы бар әйел адам ұсталды

Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 10 млн теңгені құрайды

Жамбыл облысында несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен алаяқтық жасап, азаматтарды алдаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері бірқатар алаяқтық әрекеттерге қатысты күдіктелген әйелді анықтады. Бірнеше жергілікті тұрғын полицияға шағымданған.

Жәбірленушілердің айтуынша, бір әйел азаматша алдау жолымен және сенімге кіру арқылы қолданыстағы несиелерді өтеуге көмек көрсету сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген. Келтірілген шығынның жалпы көлемі шамамен 10 млн теңгені құрайды.

Тергеу барысында күдікті әйелдің ауыл тұрғындары арасында қарыз алушылардың барлық несиелерін жабуға көмектесе алатындығы туралы ақпарат таратқаны анықталды. Қолма-қол ақшаны алып, ол бірнеше клиенттің банктер мен несиелік мекемелер алдындағы негізгі қарызын жауып тастаған, келесі айларда әйел басқа адамдардың несиелерін төлемей, қарыз алушылардың ақшасын жеке қажеттіліктері үшін пайдаланған.

Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның өңір аумағында осыған ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Кеше, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33