Тұрмыстық жанжалдың алдын алу: жаңа заңға қандай өзгерістер енгізілді?

Денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары отбасын қолдау орталықтарында уақытша тұрақтай алады. Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, түзетулерде денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, он алты жасқа толмағандарға жыныстық сипаттағы қысым көрсетуге, суицидті насихаттауға және басқа да әрекеттерге қылмыстық жауапкершілік көзделген.

«Құжатты екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар бірқатар қосымша түзету енгізді. Енді отбасын қолдау орталықтарында тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібі реттеледі. Сотталған немесе татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шаралары да нақтыланды.

Сондай-ақ, Үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты өзгерістер енгізілді», - делінген Мәжіліс хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22