ISW: Ресей бірнеше елге қарсы ақпараттық соғыс бастады

Путин Мәскеу мен Ленинград әскери округтерін қайта құру туралы екі жарлыққа қол қойды

Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, Кремль Молдоваға, Балтық жағалауы елдеріне, Дания мен Финляндияға қарсы «ақпараттық операцияларды» бастады. Бұл Украинамен соғысқа дейінгі жағдайға ұқсас. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресей президенті Владимир Путин 26 ақпан күні Мәскеу мен Ленинград әскери округтерін ресми түрде қайта құру туралы екі жарлыққа қол қойып, Ресей қарулы күштерін қайта құрылымдау және реформалау шараларын қолданды.

Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметтері бойынша, бұл әрекеттің екі мақсаты бар: Мәскеудің қысқа және орта мерзімді перспективада Ресейдің Украинадағы соғысты бақылауды күшейту жөніндегі күш-жігерін қолдау және ұзақ мерзімді перспективада НАТО-ға қарсы ықтимал ауқымды конвенциялық соғысқа дайындалу.

Бүгінге дейін бұл аумақтың басым бөлігі 2010 жылы екі бастапқы округтің бірігуі арқылы құрылған Батыс әскери округіне тиесілі болды.

Енді қайта құрылған Ленинград әскери округі НАТО-ның солтүстік-шығыс шекарасымен өтеді, ал Мәскеу әскери округі Солтүстік-Шығыс Украинамен және Польшамен шектеседі. Бұл Ресейге бір уақытта НАТО-ға қарсы позицияны ұстануға және Украинадағы соғыс үшін қолбасшылық пен басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Путин Финляндия 2023 жылы НАТО-ға кіргеннен кейін Ленинград әскери округін құру қажеттігін мәлімдеген болатын. Бұл Кремльдің НАТО-ға қарсы тұру үшін аталмыш әскери округті қолдану ниетін айқын көрсетеді», - дейді ISW.

Ал Эстонияның сыртқы барлау қызметі Еуропадағы және Эстония шекарасындағы қауіпсіздік Украинаның Ресей агрессиясын тоқтата алуымен байланысты екенін ескертті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02