Зеленский: Путиннің агрессиясы басқа елдерге тарауына жол бермеуіміз керек

Еуропалық көшбасшылардың Парижде кездесуі өтті

Украина президенті Владимир Зеленский еуропалық көшбасшылардың Париждегі кездесуіне видеоүндеу жолдады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз біріге отырып, Путиннің агрессиясы басқа елдерге тарауына жол бермеуіміз керек», - деді Украина президенті Владимир Зеленский кездесуге қатысушыларға қысқаша жасаған видеоүндеуінде.

Осыған дейін Владимир Зеленский Еуропа елдерінің Ресеймен соғыстың бүкіл континент үшін қаншалықты қауіпті екенін енді ғана түсінгенін айтқан болатын.

«Менің ойымша, олар Путиннің бұл соғысты тоқтатпайтынын, ары қарай жалғастыратынын түсінді», - деді ол.

Еуропалық көшбасшылардың Париждегі кездесуінде Франция президент Эммануэль Макрон жаңа коалиция құрылып, Киевке алыс және жақын қашықтықтағы зымырандар жіберу қарастырылып жатқанын мәлім етті.

Ол сондай-ақ Украинаға Францияның Mirage жойғыш ұшақтарының жеткізілуі мүмкін екендігі туралы БАҚ-тағы ақпаратқа түсініктеме беріп өтті. Айтуынша, Париж бұл мәселе бойынша әзірге келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ.

Ал Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Taurus қанатты зымырандарын жіберуге қарсылық білдірді. Германия басшысының айтуынша, Киевті дәлдігі жоғары қару-жарақпен қамтамасыз ету бұл зымырандардың Ресей аумағына соққы беру мүмкіндігін ескерсек, соғыстың өршуіне алып келеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19