Макрон Украинаға көмек ретінде Батыс елдері әскер жіберуі мүмкін екенін айтты

Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз ететін жаңа коалиция құрылды

Франция президенті Эммануэль Макрон еуропалық көшбасшылардың Париждегі кездесуінен кейін Украинаны қолдайтын жаңа қадамдарды жариялады. Сол сияқты соғыста Ресейді жеңу үшін Украинаға Батыс елдері әскер жіберуі мүмкін екені де айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір құрлық әскерін жіберу туралы консенсус жоқ, бірақ ешнәрсені жоққа шығаруға болмайды. Біз Ресейдің бұл соғыста жеңіске жетуіне жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ресейдің жеңілісі Еуропадағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін қажет екеніне сенімдіміз», - деді Эммануэль Макрон.

Макрон сондай-ақ Украинаны алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар мен оқ-дәрілермен қамтамасыз ететін жаңа коалицияның құрылғанын хабарлады.

Оның айтуынша, Ресей Украинамен соғыста ғана емес, жалпы алғанда агрессивті болып келеді. Елисей сарайындағы конференцияны ашқан Макрон Украинаға қолдауды күшейтуі қажет екенін айтты.

«Біз Ресейдің, әсіресе соңғы бірнеше айда қатаң әрекеттерін көріп отырмыз. Батыс өз көзқарасын өзгертіп, қауіптің әскери және стратегиялық тұрғыдан өзгергенін ескеруі керек», - деді Макрон.

Елисей сарайында өткен конференцияға Германия канцлері Олаф Шольц, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Голландия премьер-министрі Марк Рютте, сондай-ақ Скандинавия және Балтық жағалауы елдерінің басшылары қатысты.

Америка Құрама Штаттарынан Мемлекеттік хатшының Еуропа және Еуразия істері бойынша көмекшісі Джим О'Брайен, ал Канададан қорғаныс министрі Билл Блэр қатысты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59