ҚР СІМ: Қазақстан ұлттар арасындағы диалог пен түсіністікті нығайтуға үлес қоса береді

Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жоғары деңгейдегі сегментіне қатысты

Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мұрат Нұртілеу жиында геосаяси күйзеліс пен аймақтық қақтығыстардың күшеюіне, сондай-ақ әлемдегі экономикалық белгісіздіктің күшеюіне алаңдаушылық білдірді.

«Мұндай дағдарыстарды ешбір ел жалғыз көтере алмайды... Қазақстан ұлттар арасындағы диалог пен өзара түсіністікке, сондай-ақ жаһандық адам құқықтары жүйесін нығайтуға өз үлесін қоса береді», - деді Мұрат Нұртілеу.

Жиынға 100-ден астам мемлекеттің жоғары өкілдері, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш және Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Фолькер Түрік қатысты.

Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Бас Ассамблеяның 2006 жылғы 15 наурыздағы 60/251 қарарына сәйкес құрылды және бүкіл әлем бойынша адам құқықтарын жалпыға бірдей құрметтеуге және қорғауға, адам құқықтарының бұзылуына байланысты жағдайларды қарауға, сондай-ақ тиісті ұсыныстар дайындауға жауапты БҰҰ жүйесінің үкіметаралық органы. БҰҰ АҚЖК оның алдында жұмыс істеген БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының орнына құрылды. Кеңес құрамына 47 мүше мемлекет кіреді, олар тікелей жасырын дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен үш жылға сайланады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19