Алматы облысында ондаған сот орындаушы заңсыз әрекеті үшін жауапқа тартылды

Құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша іс полицияға жолданды

Алматы облысында 22 сот орындаушысы заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Алматы облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш өңірде балалардың үйі және екі жер учаскесі түріндегі мұрасын алимент бойынша қарызы бар қайтыс болған борышкердің туған әпкесі заңсыз иемденген.

Азаматша «Г.» бұл заңсыз әрекетті қайтыс болған балалардың әкесінің мүлкіне билік етуге құқық беретін қорғаншылық және қамқоршылық органының келісімін қолдан жасау жолымен жасаған.

«Балалардың құқықтарын қорғау және олардың болашағын қамтамасыз ету мақсатында берілген облыс прокуратурасының талабы негізінде заңсыз әрекеттердің күші жойылып, мүліктер балаларға қайтарылды.

Құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша жинақталған іс құжаттар процестік шешім қабылдану үшін полиция органына жолданды.

Жалпы, алимент өндіріп алу жөніндегі жұмыс шеңберінде балалар алдындағы борыштардың болғанына қарамастан сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді заңсыз тоқтатудың 50-ден астам фактісі анықталды», - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, қабылданған шаралармен 22 сот орындаушысы жауапкершілікке тартылып, алимент төлеуді қайта бастау жолымен 50 баланың құқықтары қорғалды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19