15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Ол кісі өлімі бойынша іздеуде болған

15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер Астанада қолға түсті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.

Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды.

Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін ол денесін суға батырып жіберген.

«Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14