Қытай Тайваньға қатысты қатаң шаралар қабылдауы мүмкін

ҚХР Тайваньға АҚШ-тан қару-жарақтың жеткізілуіне үзілді-кесілді қарсы

Тайвань аралына АҚШ-тан кезекті қару-жарақ партиясының жеткізілуіне байланысты Қытай қатаң шаралар қабылдауға уәде берді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Чжан Сяоган мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ҚХР Тайваньға АҚШ-тан қару-жарақтың жеткізілуіне үзілді-кесілді қарсы.

«Бұл қатаң және айқын ұстаным. Тайвань мәселесі – Қытай мен АҚШ қарым-қатынасындағы өтуге болмайтын қызыл сызық... Қытай Халық Республикасы өзінің ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау үшін батыл әрі қатаң шаралар қабылдайды», - деді Чжан Сяоган.

Оның айтуынша, жақында Вашингтон қару-жарақпен қамтамасыз ету арқылы «Тайваньға қатысты ірі айла-шарғыларға барды» және «Тайвань тәуелсіздігінің алауын жағуға» тырысып жатыр.

«Мұндай әрекеттер Қытайдың егемендігіне елеулі зиян тигізеді, қауіпсіздік мүдделерімізге нұқсан келтіреді және Қытай-АҚШ әскери қарым-қатынасына айтарлықтай зиян келтіреді», - деді ол.

Чжан Сяоганг Бейжің мұны Тайвань бұғазындағы шиеленістің артуына әкелетін «Қытайдың ішкі саясатына өрескел араласу» деп санайтынын айтты.

«Тайваньды қаруландыру арқылы Америка Құрама Штаттары өте қауіпті қадамға барады. Біз америкалық тараптың «бір Қытай» қағидатын ұстануын талап етеміз», - деп түйіндеді сөзін Қытай Қорғаныс министрлігінің өкілі.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02