Испанияда 14 қабатты үй өртеніп кетті

Қатты жел жалынның жылдам тарауына себеп болған

Испанияның Валенсия қаласында көпқабатты тұрғын үй өртеніп, салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Он тоғыз адам әлі хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Өрт Кампанар ауданындағы 14 қабатты үйді шарпыды және көрші ғимаратқа таралды.

Өрт сөндірушілер адамдарды балкондардан құтқарды. Кем дегенде 14 адам, оның ішінде алты өрт сөндіруші мен кішкентай бала жарақат алды.

Қатты жел жалынның жылдам тарауына себеп болған.

20-дан астам өрт сөндіру бригадалары отпен күресті, ал жұма күні таңертең ғимараттан тек үлкен қара қаңқа ғана қалды.

Ғимаратта 450 адам тұратын 138 пәтер бар, деп хабарлайды El Pais газеті ғимарат менеджеріне сілтеме жасап.

Өрттің себептері әлі белгісіз, бірақ ғимарат құрылысында қолданылған материалдар туралы мәселе қаралып жатыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19