Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты

Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстар кезінде ҰҚШҰ-ны бірнеше рет сынға алған

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян France 24 телеарнасына берген сұхбатында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігі іс жүзінде тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Сұхбат барысында ол ҰҚШҰ Арменияға қатысты өз міндеттерін орындамағанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта іс жүзінде біз бұл ұйымға қатысуды тоқтаттық. Арменияға қатысты міндеттер, әсіресе 2021-2022 жылдары орындалмады. Ары қарай не боларын көреміз», — деді ол.

Пашинян 2022 жылдың қарашасында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясына қол қоймады, өйткені онда ұйым тарапынан «Әзербайжанның Арменияның аумақтық тұтастығына қарсы агрессиясына саяси баға берілмеген».

Пашинян Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстар кезінде ҰҚШҰ-ны көмек көрсетпегені үшін бірнеше рет сынға алған.

ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді. Бастапқыда ҰҚШҰ НАТО-ға ықтимал балама ретінде құрылған, бірақ қазір мүше елдердің көптеген саясаткері ұйымның қызметіне немесе оның жоқтығына наразы.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30