Әйгілі бразилиялық футболшы 4,5 жылға сотталды

Ол 2023 жылдың қаңтарында қамауға алынған

Испания соты «Барселонаның» және Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Дани Алвесті түнгі клубта әйел адамға жыныстық зорлық жасағаны үшін 4,5 жылға соттады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Каталонияның жоғарғы соты футболшыны жәбірленушіге 150 мың еуро төлеуі керек деген шешім қабылдады.

40 жастағы ойыншы 2023 жылдың қаңтарында қамауға алынып, содан бері түрмеде болды. Ол 2022 жылдың 31 желтоқсанында таңертең Барселонадағы Sutton клубында әйел адамға жыныстық зорлық жасағанын мойындамай, бұл қатынас ерікті түрде болғанын дәлелдеумен болды.

Прокурор футболшыға 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алвес сот үкіміне әлі де шағымдана алады.

Агенттік мәліметінше, Испанияда гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда үлкен пікірталасқа айналып тұр. Сол себепті де атақты футболшының соты жұрт назарын өзіне аударды.

Айта кетейік, Дани Алвес – футбол тарихындағы ең атақты футболшылардың бірі. Карьерасында 46 додада топ жарған. Осыған сәйкес, ең титулды футболшы болып саналады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Кеше, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33