Тайвань АҚШ-қа әскери көмек көрсеткені үшін алғыс айтты

Тайвань әкімшілігінің басшысы өз сөзінде 2024 жылы Тайвань мен АҚШ арасында қарым-қатынас нығая түсетініне сенімділік білдірді

Тайбэйде өткен АҚШ конгрессмені Майкл Галлахермен кездесу барысында Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь АҚШ билігіне әскери көмегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі EurAsia Daily басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мен АҚШ әкімшілігі мен Конгресіне Тайванның өзін-өзі қорғау әлеуетін нығайтуға көмектескені үшін алғыс айтқым келеді», - деді Цай Инвэнь.

Оның айтуынша, АҚШ пен Тайвань бірлесіп, «бостандық пен демократияны қорғайды және аймақтағы бейбітшілікті қолдайды». Тайвань әкімшілігінің басшысы өз сөзінде 2024 жылы Тайвань мен АҚШ арасында қарым-қатынас нығая түсетініне сенімділік білдірді.

Осыған дейін Қытайдың сыртқы істер министрлігі Тайвань мәселесі ҚХР-дың ішкі ісі деп мәлімдеді. Сол сияқты АҚШ Тайваньмен ресми байланысты тоқтатуы керек екенін мәлімдеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

Кеше, 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТАҒЫ ПРЕСС-ТУР

30/10/2025 - 10:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

28/10/2025 - 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

28/10/2025 - 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33