«Әйелінен қысым көретін еркектер де бар»: депутат отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін көтерді

Депутаттың айтуынша, балаларынан қысым көретін қарт кісілер жетерлік

Ерлерді ез қылып көрсететін ақпараттар қоғамда көбейіп кетті. Бұл туралы депутат Аманжол Әлтай Мәжіліс отырысында осылай деді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақ деген халық анасын ардақтаған, аруын аялаған, ата-анаға құрметпен қараған халықтың өкіліміз. Отбасы  - өте күрделі институт. Өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда түрлі келеңсіз оқиғалар белең алуда. Солардың санатында ер азаматтан қысым көрген әйел ғана емес, әйелден де қысым көрген еркектер де баршылық. Сонымен бірге өзінің қартайған шағында балаларынан қысым көріп отырған қарт ата-аналар да жетерлік. Біздің буынымызда «әкеммен ақылдасайын», «әкемнен сұрайын», «әкем біледі» деген түсінікпен өскен буын едік, қазір «мамам біледі», «мамамнан сұранайын», «мамамнан сұраймын», «мамам шешеді» деген балалар көбейіп бара жатыр», - деді депутат.

Депутат сөзін жалғай отырып, Қарағанды облысында баласынан қорлық көрген 78 жастағы кейуананы тілге тиек етіп өтті.

«Білегінен әлі, бойынан қуаты кеткен шақта туған балаларынан зорлық-зомбылық көретін ата-аналар да көбейіп бара жатыр. Қоғамда ер азаматтар мен ата-аналардың құқығы қорғауы мәселесіне қандай жауап беріледі?

Ақпарат саласының өкіліне айтарым, бүгінде ақпарат кеңістігінде қазақ жігіттерін, ер-азаматтарын ез, қорқақ, жалтақ қылып көрсететін түрлі контенттердің көбеюі, комедиялық жанрдағы фильмдердің көбеюі нені түсіндіреді?!» - деп Аманжол Әлтай баяндама жасаған Жұлдыз Сүлейменова мен Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне қарата айтты.

Айта кетейік, Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Ал заң жобасы туралы баяндаманы депутат, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жұлдыз Сүлейменова жасады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02