ХАМАС көшбасшысы соғысты тоқтату бойынша келіссөздерге қатысатын болды

ХАМАС басшысы делегациямен бірге Египет астанасына барды

ХАМАС ұйымының көшбасшысы Исмаил Хания Газа секторындағы соғыс бойынша келіссөздерге қатысу үшін Египетке барды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Египет, Қатар, АҚШ елдері Газа секторында атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл келіссөзге ХАМАС ұйымының жетекшісі Исмаил Хания қосылады.

ХАМАС мәліметінше, Исмаил Хания Египет шенеуніктерімен Газа секторындағы соғысты тоқтатудың саяси шарттарын талқылайды. ХАМАС басшысы делегациямен бірге Египет астанасына барды.

Осы оқиғалардың аясында Израиль қорғаныс әскері Газаның Әл-Сайтун және Әл-Туркман қалаларындағы екі ауданның тұрғындарын эвакуациялануға шақырды. Израиль армиясының өкілі палестиналықтарға анклавтың оңтүстік бөлігіне көшуді талап етті.

Басылымның хабарлауынша бұл хабарландыру Израиль әскерінің жаңа әскери операциясының белгісі болуы мүмкін.

ХАМАС ұйымы кепілге алынғандардың отбасылары Израиль үкіметіне өз талаптарын білдірді. Олар ХАМАС-пен алмасу туралы келісімдерге тезірек қол жеткізуді талап етіп жатыр.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02