Израиль Рамазан айында Әл-Ақса мешітіне келетіндерге шектеу енгізеді

Әл-Ақса мешітін 1967 жылғы соғыста Израиль басып алған

Израиль мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айында Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіне келетіндердің санын шектейді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдің ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир мұсылман азаматтарының көпшілігіне Рамазан айында жұма намазына қатысуға тыйым салу туралы ұсынысын премьер-министр Беньямин Нетаньяху қабылдамағанын айтты. Дегенмен, ол 40 000-нан 50 000-ға дейін шектеу енгізілетінін мәлімдеді.

Бұл шараны араб басшылары, әсіресе оппозиция депутаты Ахмад Тиби қатаң сынға алды.

Ұлттық қауіпсіздік министрі Бен-Гвир премьер Нетаньяхудың полицияға әл-Ақса кешеніне кіру құқығын беру және ХАМАС-ты қолдау үшін орнатылған жалаулар мен белгілерді алып тастау туралы ұсынысын қабылдамағанына наразылығын білдірді.

Бен-Гвир Газа секторында кепілде отырғандардың ауыр жағдайын да тілге тиек етіп өтті. Сол сияқты Израиль өзінің астанасы деп санайтын Иерусалим қаласында ХАМАС-ты қолдаушыларға еркіндік беру «жеңілістің көрінісі» болатынын және қаланың мәртебесі әлем елдерінде кеңінен қабылданбағанын мәлімдеді.

Ислам дінінің қасиетті мекендерінің бірі – Әл-Ақса мешітін 1967 жылғы соғыста Израиль басып алған. Ол шығыс Иерусалимнің бөлігі болып саналады. Бұл жерді Израиль халқы ежелгі екі ғибадатхананың көзі ретінде де құрметтейді.

Айта кетерлігі, мешітке кіру ережесіне қатысты келіспеушілік әсіресе Рамазан айынжа жиі болып тұрады.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02