Қызылордада қос азаматтығы бар ресейлікке ірі көлемде айыппұл салынды

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 6 шетелдік елден тысқары шығарылды

Қызылорда полицейлері қос азаматтықпен жүрген ресейлікті анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімі бойынша 6 шетелдік елден тысқары шығарылды.

Қос азаматтығы бар бір адам анықталып, оған қатысты тиісті шара қабылданды. Мәселен, Қызылорда қаласы көші-қон бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған құқық бұзушыны анықтады.

Ресей Федерациясының 40 жастағы азаматшасына қатысты ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен бұл азаматша 516 880 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02