Мектептің күрделі жөндеуіне 27 млн теңге заңсыз бөлінген – прокуратура

Ақмола облысында мердігерге мектепті сапасыз жөндегені үшін ірі айыппұл салынды

Ақмола облысында Есіл ауданының прокуратурасы мектепті күрделі жөндеуді тексеру барысында орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қойылғанын және орындалмаған елеулі жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 млн теңгеден астам ақы төленгенін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Прокуратура мәліметінше, мердігер жасасқан келісімшарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу және т.б айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады.

«Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі).

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар белсенді басталып, жүргізілуде», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

Бүгін, 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02