Көктемде 10 өңірді су басуы мүмкін – ТЖМ

Бірнеше өңірде жолдарды су шайды

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында елімізде ағымдағы су тасқыны жағдайы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қазіргі уақытта елді мекендерді су басудың 12 фактісі және автожолдарды су шаюы тіркелген. Мәселен қаңтар және ақпан айларында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Атырау, Ақтөбе облыстарында температураның күрт ауытқуы мен қардың көп еруіне байланысты 15 аула аумағы, 29 саяжай учаскесі, 13 көше су астында қалып, жолдарды су шайды.

«Елді мекендерге су тасқыны қаупін азайту бойынша іс-шараларды алдын ала жүргізу қажет. Бұл қарды уақтылы шығару, өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізу, елді мекендерді үйемелеу, техника мен адамдарды, инертті материалдарды, жинау пункттерін және халыққа арналған бірінші кезекте қажетті тиісті құралдарды дайындау.

Сонымен қатар, «Қазгидрометтің» ақпан және наурыз айларының соңындағы алдын ала болжамына сәйкес жауын-шашын мол түсуі мүмкін», - дейді министр.

Айтуынша, 10 өңірдің елді мекендерін су басу қаупі бар. Атап айтқанда, тау суларының ағыны салдарынан: Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстары; қардың көп еруіне байланысты: Батыс Қазақстан, Ақмола, СҚО, Қарағанды, Павлодар және Қостанай өңірлері.

__Последние новости

  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02
  • Басты назарда

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

16/06/2025 - 14:41
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27