Израиль Газаның оңтүстігіне шабуыл жасайтын күнді атады

Египет билігі палестиналықтардың ел аумағына жаппай кіріп кетуінен үрейленіп, шекарадағы күзетті күшейтті

Израиль әскери кабинетінің министрі Бенни Ганц ХАМАС кепілге алынғандардың бәрін босатпаса, 10 наурыздан бастап Рафах қаласына шабуыл жасайтынын ескертті. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль Газаның оңтүстігінде орналасқан қалаға шабуыл жасайтын нақты күнді алғаш рет атады. Рафах қаласында қазір шамамен 1,5 миллион палестиналық бассауғалап жүр.

Сонымен қатар, Египет билігі палестиналықтардың ел аумағына жаппай кіріп кетуінен үрейленіп, шекарадағы күзетті күшейтті.

Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС-пен соғыс қалай шешілетініне қарамастан, Израиль Иорданияның батысындағы бүкіл аумақта, оның ішінде батыс жағалау мен Газа секторында қауіпсіздікті толық бақылауға алатынын мәлімдеді.

Ал ЕО-ның сыртқы саясат басшысы Жозеп Боррель одақтың 27 елінің 26-сы Газа секторында жедел гуманитарлық үзілісті талап ететінін, ал бұл атыстың тоқтатуына алып келетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Рафах – Газа секторының оңтүстік нүктесі. Егер Израиль армиясы палестиналықтардың солтүстікке немесе орталыққа бассауғалауына мүмкіндік бермесе, олар үшін қауіпсіз басқа орын жоқ.

Израиль әскери кабинетінің министрі бейбіт тұрғындарды Рафахтан эвакуациялау жоспары бар екенін, оны АҚШ-тағы және Египеттегі серіктестерімен талқылайтынын мәлімдеді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19