1500 долларға жуық жалақы, ұзартылған демалыс: ел әскері Таяу Шығысқа аттануға дайын ба?

Біріккен Ұлттар Ұйымы алғаш рет Қазақстанға бітімгерлік миссияны өз бетінше жіберуге және орындауға мандат берді

Жуырда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Голан жоталарындағы бөлінген жерлерді «БҰҰ-ның бақылау күштері» (SONNR) миссиясына бітімгерлік контингентті жіберу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Sarbaz.kz қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанға бітімгерлік миссияны өз бетінше жіберуге және орындауға мандат берді. Қазақстандық контингенттің құрамында 139 әскери қызметші бар. Біздің бітімгерлер БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайтын болады.

«Миссияны орындау үшін қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ-ның талаптары мен стандарттарына сәйкес мұқият іріктеуден және даярлықтан өтті. Кешенді алты айлық дайындық Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығында ұйымдастырылды. Әскери қызметшілерді оқытуға бітімгерлік операциялар, минадан тазарту және әскери медицина орталықтарының нұсқаушылар құрамы қатысты.

Әскери қызметшілер ағылшын тілін, күш қолдану ережелерін, халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларын оқыды. Бітімгерлік базаны қорғау, тосқауыл бекеттерін ұйымдастыру, патрульдеу, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, көмек көрсету және эвакуациялау бойынша міндеттер іс жүзінде пысықталды.

Практикалық дағдыларды және контингент штабының офицерлерімен жедел үйлесімділікті арттыру үшін жедел-тактикалық деңгейде әскери шешімдер қабылдау бойынша сабақтар өткізілді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, контингент жеке құрамы жоғары дайындық деңгейін, мықты мотивация көрсеткен», - делінген министрлік хабарламасында.

ҚР Қорғаныс министрлігі миссияны БҰҰ-ның стандарттарына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жан-жақты қамтамасыз ету жөнінде ауқымды іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. 

Контингентте жауынгерлік модульдермен жабдықталған брондалған дөңгелекті машиналар, сондай-ақ күнделікті тіршілікке қажетті жабдықтар бар. Оларды қамтамасыз етуге камаздар, жол талғамайтын автомобильдер және инженерлік мүлік бар. Жаралыларды эвакуациялауға берілген машиналардың бірі оттегі аппаратымен, дефибриллятормен, дәрі-дәрмектермен және басқа да медициналық жабдықтармен жабдықталған. 

«Миссиядан өту кезінде бітімгерлік контингентінің әскери қызметшілеріне ай сайынғы жалақысы үш есе төленетін болады. Бұдан өзге, БҰҰ бюджетінен олар ай сайын 1448 доллардан аса қаражат алатын болады. Миссияда қызмет аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер шипажайларда емделе алады және негізгі демалысқа жыл сайын қосымша 14 тәулік қосылады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның Қарулы күштері бітімгерлік миссияларға әскери бақылаушылар мен штаб офицерлері ретінде жекелеген әскери қызметшілерді де, сондай-ақ жаяу әскер, медициналық, барлау, инженерлік сияқты неғұрлым талап етілетін мамандандырылған бөлімшелерді де жіберуге дайын», - деп жазады Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, 16 ішінде 600-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі жеті бітімгерлік миссиясына қатысты. Қазір 19 қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның Ливан Республикасындағы, Батыс Сахарадағы, Конго Демократиялық Республикасындағы және Орталық Африка Республикасындағы бітімгерлік миссияларының құрамында қызмет етіп жүргенін айта кетелік.

__Последние новости

  • Басты назарда

Әскери бөліммен етене танысты

Бүгін, 15:44
Админ
  • Басты назарда

Техниканың дайындығы тексерілді

Кеше, 15:53
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

Кеше, 12:24
  • Басты назарда

Оқу-әдістемелік жиын

Кеше, 10:27
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

23/11/2024 - 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47