Египет Израильдің іс-әрекеттеріне байланысты Халықаралық сотқа нота жібереді

Осыған дейін Египет Израильмен жасалған Кэмп-Дэвид келісімін тоқтататынын мәлімдеген

Египет Израильдің Палестина территориясындағы қанды шабуылдарына байланысты БҰҰ-ның Халықаралық сотына нота жібермек. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Al Qahera News телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна мәліметінше, билік нотаны 21 ақпанда жібереді. Сонымен қатар, Египет 1967 жылдан бастап Палестина территориясындағы Израильдің әрекеттері туралы Консультативтік қорытынды жасауға қатысады. Осыған байланысты БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық сотынан рұқсат сұрады.

Осыған дейін Египет билігі Израиль әскері Палестинамен шекарада орналасқан Рафах қаласына кірсе, 1978 жылы жасалған Кэмп-Дэвид келісімін тоқтататынын мәлімдеген болатын.

Ал Израиль Рафахтағы операциясынан бас тартпайтыны хабарланған болатын. Бұл қалада көптеген палестиналық босқындар жиналған. Израильдің жоспарлары әлемдік көшбасшыларды алаңдатып отыр.

Айта кетейік, Оңтүстік Африка Израильдің іс-әрекеттеріне байланысты 2023 жылдың 29 желтоқсанында Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық сотына шағым түсірген болатын. Оңтүстік Африка тарапы соттан Израильдің конвенция бойынша міндеттемелерін орындау үшін ескерту шараларын енгізуді сұрады.

Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыс басталғаннан бері бүгінге дейін 28 мыңнан астам бейбіт палестиналық қаза болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02