Биыл Түркістан облысынан 4500-ге жуық жас әскерге аттанады

Әскерге жіберілуші жастардың 2255-і көктемгі, ал 2245-і күзгі маусымға шақыртылады

Биыл Түркістан облысынан 4500-ге жуық жас әскерге барады. Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде 2024 жылғы әскерге шақыру науқанына дайындық мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірдегі әрбір аудан, қалада әскери-патриоттық және де әскери еріктілер клубы құрылады. Әскерге жіберілуші жастардың 2255-і көктемгі, ал 2245-і күзгі маусымға шақыртылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі күні бұл бағытта дайындық қарқынды жүргізіліп жатыр.

Күн тәртібінде көктемгі әскерге шақыру науқанына дайындық жұмыстарының барысы, жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу жұмысының тиімділігі және алдағы жоспарлар талқыланды. Қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдардың өкілдері өз бөлімдеріне әскерге шақырылушыларды іріктеу тәртібі мен оларды жасақтау мәселелері туралы баяндады.

Жұмысты нашар ұйымдастырған аудан, қалалардағы жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді. Әскери борышын өтеуден жалтарып жүрген жастар мәселесі де сөз болды.

«Кейбір жастардың Қарулы күштер қатарына барғысы келмеуінің себебін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын тездетіп жүргізу қажет. Облыстағы мектептерде «Жас сарбаз» әскери үйірме сыныптарын ашуды қолға алған жөн. Биыл өңірде әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралар санын көбейтіп, үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру керек. Барлық аудан-қалада әскери-патриоттық және де әскери еріктілер клубын құру қажет», – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22