Қыстың күні көлік жүргізуге арналған кеңес

Жолға шыққанда багажыңызды тексеруді ұмытпаңыз

Админ

Қазақстандағы ауа райының құбылмалы екені ешкімге таң емес. Ауа температурасы күрт төмендеп, күтпеген жерден жауын-шашын болуы  мүмкін. Sarbaz.kz қыста көлікті дұрыс жүргізу бойынша бірқатар кеңесті назарыңызға ұсынады.

Ең алдымен, қыс басталғанда автокөлікті пайдаланбас бұрын, жазғы шиналарды қысқы шиналарға ауыстыру қажет. Себебі статистика көрсеткендей, барлық автокөлік иелері бұл мәселеге уақтылы назар аудармайды, мұзды жолдармен тәуекелге бел буып жүре береді. Орталық Қазақстанда қыс қатты болатыны көпшілікке мәлім. Өңірдегі бұған дейінгі жылдардағы жауын-шашынның орташа жылдық нормалары қандай болғанын көрген боларсыз?. Демек жол-көлік оқиғаларының болу ықтималдылығы жоғары. Басқа да жиі кездесетін бұзушылықтардың қатарына ақаулы өрт сөндіргіш құралдар, мерзімі өткен алғашқы медициналық көмек қобдишалары және т.б. жатады.

Тәжірибелі жүргізушілер, сондай-ақ ТЖД өкілдері мынандай кеңес береді: көлікте қандай да бір ақаулық болса, жолға (әсіресе алыс қашықтыққа) шықпаңыз. Қыста сәл ғана ақаудың салдары қатты болады. Кептелген рөл, төмен температураға жарамсыз май, жұмыс істемейтін тежегіштер, тозған шиналар немесе жазғы резеңке жол-көлік апатына әкеп соқтыруы мүмкін. Иә, доңғалақты суықта, үскіріп тұрған боран кезінде, айдалада ауыстыру жанға жайлы бола қоймасы анық.

Жолға шыққанда багажыңызды тексеруді ұмытпаңыз. Онда сүйреуге арналған сымарқаны, апаттық жағдайда тоқтағанда қоятын белгі, әйнек мұздан тазартқыш, көлік жөндеуге ыңғайлы қолғап болуы керек. Әрине, төтенше жағдай кезінде 112 нөмірін теріп, құтқарушыларды шақыру үшін әрқашан ұялы телефоныңыздың болғаны да маңызды. Көптеген адам машиналарын құбырды қар бітеп тастамағанына көз жеткізбей жылытып жатады. Есіңізде болсын, көлікке енген газ өлімге әкелуі мүмкін.

Қыста жолға шығудан қорқасыз ба? Ешкім жүре бермейтін жолдарда немесе қалтарыстардағы алаңқайларда жүріп көріңіз. Көктайғақ пен қалың қарда көлігіңіздің бабын сезініңіз. Көліктің қалай тежейтінін тексеріңіз. Сырғанақта қалай жүретінін көріп, еркін тізгіндеуге тырысыңыз. Қатты маневрсіз басып озуды елестетіңіз. Қыстың күні автокөлік жүргізушілері үшін басты ереже – асықпай жүріп, қырағы болу. Қатты үдеткіш пен тежеуді ұмытыңыз. Жылдамдық режимін сақтаңыз. Бұлай, әрине, әрдайым жасалуы тиіс. Дегенмен, әсіресе, қыста мұның маңыздылығы тіптен жоғары. Әдеттегі орташа жылдамдықты сағатына 10 шақырымға төмендетіңіз. Есіңізде болсын, қиылысқа дейін тежеу қыста ертерек басталуы керек.

Қоршаған орта жағдайлары мен жолдың сапасын қадағалаңыз. Эстакадалардағы көктайғақ, сіз қашып кетуге шешім қабылдаған күтпеген шұңқыр, кенеттен басталған қар – мұның бәрі қыста жүруді қиындатады. Бірақ егер сіз сергек болсаңыз, ауа райы аса қорқынышты емес. Қозғалыс кезінде көліктегі жолаушыларға сыпайы болыңыз. Жолда тәжірибесі жоқ жүргізушіні байқасаңыз, қобалжымаңыз. Басқаларға көмектесуге тырысыңыз. Қиын жағдайда біреу сізге де көмектеседі.

Қысқы жолда жүргізушіні қандай қиындықтар күтуі мүмкін? Сырғанау – енді үйреніп жүргендер үшін де, тәжірибелі жүргізушілер үшін де қорқынышты. Осы сәтте өзін қалай ұстау керектігін көбірек білген дұрыс. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, жүргізушілер әдетте интуитивті әрекет етеді. Ережелер мынадай: тежегішті бірден баспаңыз (егер басқан болсаңыз, асықпай ақырындап басыңыз), рөлді сырғанап бара жатқан жаққа бұрыңыз (керісінше емес). Қайда бағыт алып бара жатырсыз, сол жаққа қараңыз (сізді алып кетіп бара жатқан жерге емес). Егер сіз механикамен жүрсеңіз, жоғарғысына ауысуға тырысыңыз. Осыдан кейін, аздап газды қосыңыз, ал артқы дөңгелекке күш беретін көлікте, керісінше, тежегішті бірнеше рет үзік-үзік басыңыз.

__Последние новости

  • Басты назарда

Азаматтық парызын өтеуге аттанды

07/11/2024 - 16:59
Админ
  • Басты назарда

Әскери бөлімде оқудан өтті

07/11/2024 - 13:03
  • Басты назарда

Мерзімді әскерге шығарып салды

06/11/2024 - 16:56
  • Басты назарда

Әскерде шыңдалған сарбаздар

05/11/2024 - 17:15
  • Басты назарда

Мергендер Жетісуда сынға түсті

04/11/2024 - 16:50
  • Басты назарда

Айтулы күндегі іс-шара

02/11/2024 - 16:54
  • Басты назарда

Қысқы кезеңге дайындық

31/10/2024 - 11:41
  • Басты назарда

Жылдық тәжірибе сынға түсті

31/10/2024 - 11:39
  • Басты назарда

Жанұя жағдайын қамтыған жиын

30/10/2024 - 11:44
  • Басты назарда

Оқу жылының қорытындысы

30/10/2024 - 11:37
  • Басты назарда

Жауынгерлерді шығарып салды

29/10/2024 - 11:34
  • Басты назарда

SAHA EXPO-2024 халықаралық көрмесі

29/10/2024 - 11:21