Украина Ресейдің Белгород қаласын зымыранмен атқылады

Ресейдің Белгород қаласына жасалған зымыран шабуылынан кемінде бес адам қаза тауып, 18 адам жараланды. Бұл туралы облыс губернаторы Вячеслав Гладков мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, аймаққа бағытталған 14 зымыран әуеде қағып түсірілді.

«Белгород қаласында жеті жеке үй шаруашылығында түрлі зақымдар анықталды: терезелері сынған, шатырлар мен қоршаулар бүлінген. Бес көпқабатты үйдің бірнеше пәтерінің терезесі сынған, 5 көлік зақымданған. Сондай-ақ, бір дүкен бүлініп, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінің аумағына залал келді», - деп жазды Гладков Telegram-каналында.

Осыған дейін БАҚ сауда орталығына айтарлықтай зиян келгенін, сондай-ақ мектеп стадионына зымыран сынықтары түскенін хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Ресей әскері Украинаның аймақтарына жаппай зымырандық шабуыл жасап, нәтижесінде бірнеше адам жараланып, инфрақұрылымға зақым келген.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19