Қазақстан мен Қатар қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім жасады

Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен халықаралық шарттар жасасқан

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қатар мемлекетіне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, бұл құжаттар халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмысқа, оның ішінде оның трансұлттық түрлеріне қарсы күреске бағытталған.

«Атап айтқанда, ұстап беру туралы келісім тараптарға бір елде қылмыс жасаған және басқа елде жасырынған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялауға мүмкіндік береді.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім қылмыс жасаған адамдардың кінәсін дәлелдеу бойынша екі елдің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылына бағытталған.

Қазақстан тарапынан оларды іске асыру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган Бас прокуратура болып саналады», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Сауд Арабиясымен, Иорданиямен және Біріккен Араб Әмірліктерімен осындай Араб әлемі елдерімен халықаралық шарттар жасасқан болатын.

Осылайша, Қатар Қазақстан Республикасының қылмысқа қарсы іс-қимыл саласында қажетті халықаралық-құқықтық базаны қалыптастырған Парсы шығанағының кезекті мемлекеті болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02