Алаяқтықтың жаңа схемасы: кәсіпкерлер қазақстандықтарды қалай алдайды?

2022 жылы алаяқтар Қазақстан тұрғындарына 95,8 млрд теңге залал келтірген

Қазақстанда телефон және интернет-алаяқтық өршіп тұр. Бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында депутат Махаррам Махаррамов осы мәселеге қатысты Үкімет басшысының атына сауал жолдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Депутат өз сөзінде Finprom мәліметіне сүйене отырып, 2022 жылы алаяқтар Қазақстан тұрғындарына 95,8 млрд теңге залал келтіргенін, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 88,3 пайызға артық екенін айтты.

«Мұндай қылмыстардың жартысына жуығы интернет арқылы жасалады. Қылмыстық істердің осы бағыттағы жұмыс деңгейінің төмендігіне байланысты зардап көргендердің тек 2,5 пайызына ғана материалдық залал өтелді», - деді М. Магеррамов.

Депутат сөзін жалғай отырып, мұндай киберқылмыстарды шетелдегі халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтары жасайды деп болжауға болатынын айтты.

Сол сияқты ол жеке адамдардың мәліметтері мен банк деректеріне ие болған алаяқтар әрбір қазақстандыққа қоңырау шалып, ақшасын жымқырып жатқанын айтты. Айтуынша өткен 2023 жылдың өзінде Қазақстанға жалған нөмірлер арқылы 43 миллионнан астам қоңырауға тыйым салыныпты.

«Алаяқтар жеке кәсіпкерлердің атынан әрекет етіп, ешқандай қызмет көрсетпей, олардың құрбандарына төлем үшін шот-фактуралар жібереді, кейіннен жеке кәсіпкерлердің төлем жүйелеріне және банк шоттарына қол жеткізіп, ақша қаражатын ұрлайды. Көптеген қазақстандықтар өздерінің жеке кәсіпкерлері мен телефон нөмірлерін жалға беруді пассивті табыс көзі деп санап, заңды кәсіпкерлікпен айналысуды мақсат етпей, жеке кәсіпкерлікті тіркейді. Сол арқылы алаяқтық схемаларға барады», - деді Мәжіліс депутаты.

Ол сөзінде депутаттар қазақстандықтардың мүддесін қорғау үшін ұсыныстар дайындап жатқанын тілге тиек етті.

«Қазір екінші деңгейлі банктер мен ұялы байланыс операторларының инфрақұрылымы көмегімен алаяқтар өздерінің әрекеттерін жасап жатады. Сондықтан осы арқылы алаяқтар өздерінің әрекеттерін іске асырса, онда алаяқтықтан зардап шеккендерге шығынның орнын аталған банктер мен ұялы байланыс операторлары толтыру тиіс деген жауапкершілікті жүктеу ұсынылды. Заң жобасындағы мұндай жауапкершілік кибер алаяқтыққа қарсы тұру үшін қаржы және телекоммуникациялық компаниялардың қуатты технологиялық ресурстарын іске қосуға мүмкіндік береді», - деді депутат.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22