Ресейде әскер туралы жалған ақпарат таратқандардың мүлкі тәркіленеді

Владимир Путин заңға қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин армия туралы жалған ақпарат таратқандардың мүлкін тәркілеу туралы федералды заңға қол қойды, тиісті құжат құқықтық актілердің ресми басылымының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА агенттігіне сілтеме жасап.

Енді Ресейдің қауіпсіздігіне қарсы бағытталған әрекеттер, халықты қорлағаны және армияның беделін түсіргені үшін ақша немесе мүлік тәркіленеді. Тәркілеу осы жолмен алынған активтерге де қатысты.

Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістер енгізілді.

Федерация кеңесі конституциялық комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Полетаев атап өткендей, қолданыстағы жүйе өзгермейді, тәркілеу институты бұрынғыдай жаза емес, қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасы болып қала береді.

Сенатордың айтуынша, тәркілеу мүмкіндігі қазірдің өзінде бар, ал заң тек қылмыстардың тізімін кеңейтеді – олар террористік және экстремистік заң бұзушылықтардан басқа, Ресейдің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды да қосады.

Мемлекеттік дума заң жобасын 31 қаңтарда, ал федерация кеңесі 7 ақпанда мақұлдады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02