Педофилдер мен экстремистерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

Заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын

Педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.

Заң халықтың көші-қоны саласындағы қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді және бірқатар нормаларды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіруге бағытталған.

Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мәліметіне қарағанда, экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктердің елге кіруіне тыйым салу мәселесін реттеу ескерілген.

Құжаттарда сол сияқты кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19