Павлодар облысында екі дамбаны жөндеуге 2,2 млрд теңге бөлінбек болған

Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды

Павлодарда екі дамбаны жөндеу бойынша 2,2 млрд теңгеге сатып алу заңсыз жарияланған. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Павлодар облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылында 1 млрд теңге сомасына гидромелиоративтік жүйені қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуге хабарландыру жариялады. Осыған ұқсас осы ауданның Қаныш Сәтбаев ауылында гидромелиоративтік жүйені қайта жаңартуға 1,2 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты бөлінді.

Екі жағдайда да жобалау-сметалық құжаттамада дамбаны қайта жаңарту көзделген.

«Осы жұмысты жүргізуге қойылатын біліктілік талаптарында мемлекеттік лицензиясыз, яғни тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі жоқ шаруашылық жүргізуші субъектілер жіберілген, алайда мұндайға жол берілмейді.

Қадағалау актісі бойынша жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін күші жойылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.

Павлодар облысының прокуратурасы жыл басынан 4,4 млрд теңгеге 25 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта прокуратура 2024 жылға арналған бюджеттік жоспарлау сатысында шаралар қабылдауда.

Мысалы, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бюджеттік өтінімінде Аққулы ауданындағы Тосағаш және Майқарағай ауылдарында 25 млн теңге сомасына балалар алаңдарын жайластыру жоспарланған. Осы өтінімдерді зерделеу екі ауылдық округте бірдей ойын кешендеріне 50%-ға жуық қымбаттатылған түрлі баға ұсыныстарын қолданғанын көрсетті.

Аталған факті бойынша тиісті шаралар қабылданды.

__Последние новости

  • Сараптама

Азаматтық борышты өтеуге аттанды

Бүгін, 14:34
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

Бүгін, 10:41
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11
  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31