Соғыстың басталғанына – 2 жыл: Ресей 8800 техникасынан айырылды

Ресей орта есеппен ай сайын жүз техникасынан айырылады

Соғыс басталғалы бері Ресей 8800 техникасынан айырылды, оның 3 мыңнан астамы – танк, деп хабарлайды Sarbaz.kz Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтына (IISS) сілтеме жасап.

Орта есеппен Ресей ай сайын жүз техникасынан айырылады. Дегенмен, консервациядағы техникаларды қалпына келтіру арқылы қару-жарақ қорын қайта толықтырып тұрады. «Әскери баланс 2024» есебіне сәйкес, өткен жылы Ресей қоймаларында тұрған кемінде 1180-1280 негізгі жауынгерлік танк пен жаяу әскерге арналған 2470 машина және бронетранспортерлер шығарылды.

Сарапшылар Ресейде шығындардың орнын толтыру үшін және әскери әлеуетті қалпына келтіруге болатын жабдықтары бар бірқатар қойма бар екенін анықтады. Ресейде 10 орталық резервтік танк базасы, кем дегенде 37 құрал-жабдық пен қару-жарақ аралас қойма және кемінде 12 артиллериялық қойма бар.

Дегенмен, Кремльдің жөнделген және қоймада сақтаулы тұрған ескі техникаларға сүйену стратегиясы әскерге қиындық тудырып тұр. Ресейлік өндіріс орындарында шығарылған автомобильдердің көбісі жаңа емес. Осылайша Ресей сан үшін сапаны құрбан етіп отыр.

Офицерлердің тапшылығы және жаңадан жұмылдырылған жеке құрамға бөлінген оқу уақытының шектеулілігі бөлімшелердің жауынгерлік тиімділігін айтарлықтай төмендетті. Дегенмен, 2022 жылдың аяғында жүргізілген жұмылдыру нәтижесінде қолданыстағы құрамалар мен әскери бөлімдердің күші ішінара толықтырылды және бірқатар жаңа соғыс полктары құрылды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02