ҰҚК мен полиция кеншілерден 55 млн теңге бопсалаған топты ұстады

Қылмыстық топтың 15 мүшесі қамауға алынды

Қарағанды облысының полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, Qarmet АҚ-ның жұмыскерлерімен Абай қаласы тұрғындарын бопсалаған қылмыстық топты құрықтаудың екінші кезеңін өткізді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдың желтоқсанында Qarmet кеншілерін бопсалаған қылмыстық топты ұстағаны туралы хабарлаған болатын. Сол кезде қылмыстық топтың 7 мүшесі қамауға алынды. Бірнеше қылмыстық істі тергеу барысында ұсталғандарға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық жасау және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

«Тергеу әрекеттері барысында жалпы құны 55 миллион теңгеден астам өзге де бопсалау деректері анықталды. Сондай-ақ олардың «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның объектілерінен тауар-материал ұрлау дерегіне қатысы бары анықталды», - делінген хабарламада.

Осыған орай осы жылдың 13 ақпанында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жедел уәкілдері жоғарыда аталған қылмыстарға қатысы бар тағы да 8 адамды ұстады.

Полиция қызметкерлері 25 тінту жұмысын жүргізіп, тіркелмеген атыс және суық қару, оқ-дәрілер және діни кітаптар тәркіледі. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы тексеріліп жатыр.

Аталған бағыттағы жұмыстар Ішкі істер министрлігінің үнемі бақылауына алынды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19