Тұрмыстық зорлық-зомбылық: былтыр 1000-ға жуық азамат қылмыстық жауапқа тартылды

15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталды

Былтыр полиция тұрмыстық жанжал туралы 100 мыңға жуық хабарлама тіркеді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ренат Зулхаиров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

«Өткен жылы Президенттің тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерге түзетулер енгізілді. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап полиция өтініш беруден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтаушы сипатына көшті. Әкімшілік іс қозғалады. Соңғы құқықтық бағалауды сот береді. Жаңа заңнама аясында тұрмыстық жанжалдар туралы 50 мың өтініш қаралды. Материалдардың 64 пайыз бойынша әкімшілік іс жүргізілді. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың саны 2 есеге артты. Сотта 27 мыңнан астам отбасы татуласты», - деді ол.

Оның айтуынша, ІІМ зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен алдын алу жұмысын жандандырды. Өткен жылы полицияда тұрмыстық жанжал туралы 100 мыңға жуық хабарлама тіркелген. Оның ішінде 15 мың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісін полиция қызметкерлері анықтады. Барлық тіркелген фактілер бойынша кінәлілер заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.

«Әрбір отбасылық жанжалқой заңмен зорлық-зомбылық жасағаны үшін 5 тәуліктен бастап, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылғанын білуі керек. Өткен жылы 79 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік, мыңға жуық азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды», - деді ІІМ өкілі.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АРМИЯМЫЗДЫҢ «АЙБЫНЫ»

Кеше, 15:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Сарбаз» – сүйікті газетіміз

Кеше, 10:18
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАЙЛАНЫСЫМДЫ ҮЗБЕГЕН БАСЫЛЫМ

27/10/2025 - 10:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ӨМІРДІҢ АЙНАСЫ

25/10/2025 - 17:17
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Алдын алу жұмыстары нығайып келеді

23/10/2025 - 10:41
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бейнеқоңырау арқылы байланысқа шықты

22/10/2025 - 10:33
  • Басты назарда

Әкесіне еліктеп әскери болған

20/10/2025 - 14:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Топогеодезистерге арналған курс

19/10/2025 - 16:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

100 жасқа толуымен құттықтады

18/10/2025 - 15:27
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Ұлық болсаң – кішік бол!

17/10/2025 - 11:15
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға қызмет – абырой мен ардың ісі

16/10/2025 - 10:14
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АНА ТӘРБИЕСІ – АЛТЫН ҚАЗЫҚ

15/10/2025 - 15:11